Батысқазақстандықтар Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Б.Қалиевті соңғы сапарға шығарып салды (ФОТО)
Осыған орай облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы келіп, марқұмның анасы Гүлжиян, зайыбы Нұрсұлу және басқа тума-туысқандарына көңіл айтып, Берікжан Қалиевтің ерлігі ел есінде мәңгі қалатынын және отбасына қолдан келген көмектің бәрі көрсетілетінін жеткізді.
Ауылдық мәдениет үйінде өткен қаралы жиында сондай-ақ ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы штаб бастығының орынбасары, полковник Мейіржан Мұхамбетқалиев, қолбасшылықтың әскери дайындық жөніндегі басқармасының басшысы, полковник Тұрсын Дүйсемәлиев, 6655-әскери бөлім бастығының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Бақберген Әнешев қатысып, орны толмас қайғыға ортақтасып, көңілдерін білдірді.
Марқұмның жаназасын облыстың бас имамы Руслан Сұлтанов шығарды.
Еске сала кетейік, марқұмның соңында жұбайы және төрт баласы қалды.