Батысқазақстандықтар индорхоккейден ел чемпионы атанды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Индорхоккейден 1999 жылғы қыздар арасында өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар чемпиондық атақпен оралды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа «Қарабұлақ», «Бесарыс» (Талдықорған), «Сырдария» (Қызылорда) және Орал қаласының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілерінен құралған командасы қатысты. Оралдықтар барлық кездесулерінде жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды.

Еске сала кетейік, қазан айында оралдық қыздар көгалдағы хоккейден ел чемпионы атанған болатын.