ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Қызылорда қаласында панкратион, грэпплинг және грэпплинг-гиден мәреге жеткен ел чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО құрамасының бапкері Армат Сәрсекеновтің айтуынша, біріншілікке Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстан 16 команда құрамында 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.
Жарыс жеңімпаздары панкратионнан Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия, Нью-Делидегі (Үндістан) әлем чемпионаттарына, сондай-ақ грэпплингтен Нью-Делидегі Азия және Бакуде болатын әлем біріншіліктеріне жолдама алды.
«БҚО намысын 10 спортшы қорғаса, соның сегізі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Мәулен Әпендин 62 кг, Заядин Мұхамеджанов 77 кг салмақта чемпион атанды. Оған қоса қос күміс, төрт қола медальді иеленіп қайттық. Енді Азия, әлем чемпионаттарына дайындалатын боламыз», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Армат Сәрсекенов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).