ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Ақмола облысы Щучинск қаласында президенттік көпсайыстан ҚР кубогы үшін өткен жарыстан олжалы оралды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа сегіз облыстан 138 спортшы қатысып, бақ сынады.
БҚО құрамасы қос күміс, бір қола жүлдені иеленді. Атап айтқанда, 60 жас және одан жоғарылар арасынан Владимир Мельников, 18-20 жастағылардан Ерсұлтан Есенгелдиев екінші орынды еншілесе, 34-39 жастағылардан Борис Кудрявцев үшінші сатыға көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).