Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов айтты.
«Киров-Шежін су арнасы проблемасы соңғы 4-5 жыл бойы көтерілуде. Оны шешу 4 кезеңге бөлінген. Бірінші кезең толығымен аяқталып, екінші кезең жұмыстары атқарылуда. Облыс басшылығы Үкімет алдында осы мәселені көтеріп, 856 млн. теңге қаржы бөліну үстінде», - деді ол.
Сонымен қатар, ол су арнасы проблемасын шешудің 4 кезеңі толық жүзеге асырылған жағдайда қол жеткізілетін нәтижелерге де тоқталды.
«Біз жыл сайын тұрғындар үшін Ресейден 1 млрд. 600 млн. теңгеге екі өзеннен және Волгоград арнасынан су сатып аламыз. Егер Киров-Шежін су арнасы қосылған жағдайда біз жыл сайын Үкіметтен бөлінетін 350-400 млн. теңге қаражатты үнемдейтін едік. Сол себепті бұл мәселе қазір шешілді, жұмыстар ретімен жүргізілуде. Биыл 2-ші кезең жұмыстары аяқталуы тиіс. Қазір жұмыстардың шамамен 60 пайызы бітті», - деді А.Өтеғұлов.