БҚО ТЖ департаментінің бас маманы Азамат Нұрпейісовтің айтуынша, жасөспірім қыз құрбысымен ауылдан 200 метр жердегі тоған жанында ойнап жүріп, қас қарая қауіпті жерде қалып қойған. Судан өтейін десе, мұз шытынап жарыла бастаған. Бөрлілік құтқарушылар оқиға орнына жеткенше, жедел кезекші көмекшісі, азаматтық қорғау сержанты А.Қапашев қызға телефон арқылы психологиялық көмек көрсетіп, суда не істеу керектігін айтқан. 21 сағат 40 минутта мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі А.Лебедь пен учаскелік полиция инспекторы Н.Сәрсенғалиев тоғанның қауіпсіз бөлігімен айналып өтіп, қызды жағаға алып шықты.
БҚО ТЖ департаменті қазіргі кезде өзендерде мұздың берік еместігін, ойылып кету қаупі зор екендігін тұрғындарға ескертуде.
Еске сала кетейік, 24 наурыз күні Қазталов ауданы Бостандық ауылында екі ер адам «Нива» автокөлігімен мал іздеп жүріп, абайсызда суға кетіп қалған болатын.
19:02, 07 Сәуір 2017
Батысқазақстандықтар жасөспірім қызды судан құтқарды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 5 сәуір күні 20 сағат 52 минутта құтқару қызметінің «112» нөміріне Бөрлі ауданы Александров ауылындағы орта мектептің 9-сынып оқушысынан қиын жағдайда қалғаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.