Батысқазақстандықтардың республикалық жарыстардағы жетістігі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында дзюдо күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында БҚО құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.



БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, әсіресе, Темірлан Көлбай аса ауыр салмақта тамаша күресіп, чемпион атанды. Оған қоса Аңсарбек Ғайнуллин 73 келіде күміс, Саят Сейітқалиев 66 келіде қола жүлдеге ие болды.

Темірлан - дзюдо ғана емес, қазақ күресінен де түрлі жарыстарда олжа салып жүрген палуан.

Айта кетейік, осы күндері Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Ақ бидай» VІ республикалық ауыл спорты ойындарында батысқазақстандық тағы бір спортшы Нармағамбет Иманғазыұлы аударыспақтан 60 келі салмақта екінші орынға көтеріліп, күміс медальді жеңіп алды.