Батыста - аптап ыстық, солтүстікте - жел, шығыста - нөсер жауын

ТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның шығыс аумағы атмосфералық ауа ағымының әсерінде болады, кей жерлерде жауын-шашын болып, күн күркірейді, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидромет орталығы хабарлады.

Ал республиканың батыс өңірлерінде аптап ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай облысында 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 17-22 метр/секундқа, Алматы облысында 25 метр/секундқа жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн қатты ысиды деп күтілуде. Елдің батысы мен оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.