«Баға барреліне 30-40 долларға түсуі мүмкін. 2008 жылы баға аз уақытқа 35 долларға дейін түскен», - деп мәлім етті Эдвардс канадалық Financial Post іскерлік басылымында.
Эдвардс баға осылай тым төменге құлдыраған күннің өзінде, бұл ұзаққа созылмайтынын айтты. Canadian Natural Resources басшысы ортамерзімді перспективада баға барреліне 70-75 доллар аралығында болады деп болжайды.
Үрей тудыратын барреліне 40 доллар бағасы басқа нарық болжамдарында да айтылуда. Ayers Alliance Securities инвестициялар жөніндегі бас директор Джонатан Баррат CNBC басылымында WTI егер баға бақылаудан шығып кететін болса, барреліне 40 долларға дейін арзандайтынын мәлім етті. Тәуелсіз талдаушы Джесси Коломбо егер мұнай құны 60 доллардан төмендесе, келесі қолдау деңгейі барреліне 40 доллар болады деп болжады.
Мұнай бағасының барелліне 40 долларға дейін төмендеу ықтималдығы жайында Bloomberg шолушылары да жазуда. IHS консалтингтік фирмасының мұнай саласы жөніндегі сарапшысы Даниел Ергин Bloomberg радиосынан қазір нарық ОПЕК-тің өндіру квотасын төмендетпеу шешімін ұстануда екенін, таяу аптада мұнайға бағаның арзандау себебі нақты ашылатыны туралы айтты.
Инвестициялық банктер оптимистік көзқараста
Барлық сарапшылар бағаның құлдырауы жалғасатынын байқауда. Goldman Sachs талдаушылары келесі жылы WTI мұнайының бағасы барреліне 70-75 болады деп санайды. «Нарық екі факторды қиыстыру есебінен теңеседі: АҚШ-та тақтатас саласының өсімін баяулату және ОПЕК-ке мүше елдердің өнімін қысқарту», деп келтірді Goldman мамандарының пікірін Bloomberg. ОПЕК банкі АҚШ-тың мұнай компанияларын алғашқы қадам жасауға мәжбүрлеуге тырысуда. Британдық Barclays бүгін баррелінің орташа бағасы бойынша Brent 2015 жылы $72 (бұрынғы $93) дейін, WTI - $66 (бұдан бұрын барелліне $85) дейін төмендейді деп болжамын өзгертті. Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA) өткен айда белгіленімнің құлдырауы - жаһандық мұнай секторы эволюциясында жаңа кезең басталғанының белгісі екенін ескертті. Бұл кейбір мұнай өндіруші елдердің әлеуметтік тұрақтылығына қауіп әкеледі. Венада 27 қарашада өткен ОПЕК отырысынан кейін Brent маркалы мұнай 40 пайызға төмендеді.
Әлеуметтік тәуекелдер
2014 жылғы қазанда ХВҚ жекелеген елдерде бюджеттің тапшылыққа ұшырамауын қамтамасыз ету үшін мұнай бағасының деңгейі қандай болуы керектігіне баға берді. Қор деректеріне сүйенсек, Кувейт, Катар, БАӘ барреліне 70 доллар, Иранда бұл көрсеткіш $136 құраса, Венесуэла мен Нигерияда 120, Ресейде 101 долларды құрады.
«Сауд Арабиясы, БАӘ мен Катар белгілі бір уақытта мұнайға салыстырмалы төмен бағаны ұстап тұра алады, ал Иран, Ирак, Нигерия, Венесуэла, Алжир мен Ангола олай жасай алмайды, - деді Париждегі француздық халықаралық қатынастар институтының энергетикалық орталығының директоры Мари-Клэр Аун. - Халықтың өсуі энергия тұтынуды арттырып, бюджетке жүктеме түсіруде. Бұл елдер үшін мұнай құнының маңызы зор. Өйткені олар өз экономикаларын әртараптандырып үлгермеді».
Соңғы ел топтары арасында да мұнай бағасы құлдыраған кезде олардың экономикалық, әлеуметтік игілігіне келетін тәуекелдер әр түрлі.
«Мұнайдың арзандауы Иранда аса сезілмеуі мүмкін, - деді Брукинг институтының ғылыми қызметкері, ирандық маман Сюзанн Мэлони. - Ирандықтар санкция салдарынан миллиардтаған доллар жоғалтты, сондықтан оларға мұнай бағасының төмендеуі аса әсер етпеуі мүмкін».