«Бауырлас, біртуған қазақ елін, қазақ туғандарымызды көшпенділер ойыны күтіп тұр. Олар әбден ынтызарлықпен дайындалды, көшпенділер ойынын ұйымдастыру жұмысын одан әрі жалғастырып кетейік деп әрекет жасады. Біз дүние жүзіне, көшпенділер мәдениетін, түркі мәдениетін насихаттап жатырмыз. Спорт арқылы паш етеміз», — дейді Қырғызстан мемлекеттік хатшысы.
Сүйүнбек Касмамбетовтың айтуынша, бұған дейін дейін көптеген ойындарға көшпенділер жұрты күнделікті жаттығу ретінде қараса, кейінірек бұл ойындар түрік дүниесіне кеңінен тараған ойындардың біріне айналды.
«Бауырлас қазақ елімен бірге демімізді ішке тартып, ынтымақты болса екен деп, жақсылықты насихаттаса екен деп жоғары деңгейде өтуін тілейміз. Бауырластарға игілік тілейміз», — деп жылы лебізін білдірді Сүйүнбек Касмамбетов.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.