«Бауырсақ party»: Қонаевта 2 тонна бауырсақ пісірілді

Фото: Фото: Алматы облысы әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Қонаев қаласында Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланып жатыр. Кеше қала жұртшылығы «Көрісу күнін» атап өтсе, бүгін ұлттық тағамды насихаттау мақсатында «Бауырсақ party» ұйымдастырылды.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, аталған шара қалалық кітапханада өтті. Бұдан бөлек, Шеңгелді және Арна ауылдарында ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер де қалыспай, дәмханаларда келушілерге ұлттық тағамды ұсынды. Жалпы 2000 келі бауырсақ пісірілді. 

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Арна ауылында өткен «Бауырсақ party» көрісу рәсіміне ұласты. Қазақы мәдениеттен сыр шертетін рәсімге ауыл халқы қуана қатысып, белсенділік танытты. Жұрт бауырсақ жеп, наурыз көжеден де ауыз тиді. Той өнерпаздардың ән-жыр, би шашуына жалғасты.

Фото: Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі