Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Фото: СЦК

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.