Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әйелі Жанар Байбек қызметінен бостылды, деп хабарлайды Kazinform.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы құжатқа сай, лауазымынан кеткендердің арасында Астана қалалық соттың судьясы болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар.
Мәлім болғандай, Бауыржан Байбектің әйелі өз еркімен қызметінен босатылған.
Жарлық қол қойылған күннен, яғни 6 қазаннан күшіне енді.
Сондай-ақ аталған өкіммен бірқатар өңірде жаңа судьялар тағайындалған және қызметінен босатылған.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.