Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Ақмола облысы Әділет департаментінің ұжымымен кездесу өткізіп, ведомствоның жаңа басшысы Баукен Серікұлы Әлмешті таныстырды, деп хабарлайды Kazinform.
Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Баукен Әлмеш 11 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.
2019-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Вице-министр Мемлекет басшысының министрлік алдына қойған міндеттерін белгілеп, жаңа басшыға сәттілік тіледі.
Айта кетсек, бұған дейін Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі тағайындалғанын жазған едік.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.