Бауырлас қырғыз халқы Наурыз мерекесін қарсылауда

БІШКЕК. Наурыздың 21-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бүгін көршілес Қырғызстанда шығыс халықтарының төл мерекесі – Наурызға арналған салтанатты шаралар өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қырғыз астанасындағы Ала-Тоо алаңында Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев құттықтау сөз сөйлеп, бұл мереке әр адамның жүрегінде жаңа үміттер мен армандарын ұялатады, деп атап өтті. Қырғызстан басшысы көктемгі далалық жұмыстарға кіріскен диқаншыларға алғысын білдірді. Өз сөзінде Қ.Бакиев бұл күндері бүкіл адамзат экономикалық дағдарыс ауыртпалығын бастан кешіріп жатқан сәтте, «Игілік кепілі ? келісімде» деген ежелгі халық даналығынының бағасы арта түсетінін айтты. Қырғызстан басшысы өз отандастарын төзімділікке, парасаттылыққа, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, республиканың аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге шақырды. «Басталған жыл игілікті, қоймамыз бен егіс алқабы астық пен малға толы болсын. Әр отбасына және бүкіл халыққа тыныштық пен келісім, денсаулық және гүлдену тілеймін», - деді Қ.Бакиев. Қазір республиканың басты алаңында шығармашылық ұжымдардың концерті және халық серуені өтуде.