Бауыржан Байбек алматылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  
«Баршаңызға белгілі Кеңес кезеңінде Наурызды тойлауға тыйым салынған болатын. Тек, 1988 жылы Ұлт зиялыларының бастамасымен сол кезде Министрлер кеңесінің төрағасы болып тұрған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жан-жақты қолдап, Наурыз халқымызбен қайта қауышты. Содан бергі арада әз-Наурыз көмескіленген ұлттық рухты қайрады. Салт дәстүрімізді, ұлттық сананы жаңғыртуға қызмет етті. Тағдырдың талайымен отанымызды мекен еткен, күллі этно өкілдерінің достығын, елдік сезімін, қазақ халқына деген құрметін нығайтты. Елбасымыз айтқандай, Наурыз барша жұрт тек жақсылық күтетін, достық пен бірліктің мерекесі. Оның идеялық мазмұны көлемді, тәрбиелік мәні қарапайым, түсінікті. Өзара қомқырлық көрсетіп, қол ұшын созуға бастайтын Наурыз қайырымдылықтың, имандылықтың берекесі. Ертеде Наурыз күні ауқатты жандар қайырымдылық жасап, елге көмек қолын созған. Бұқараға тегін ас үлестірген. Алдыңғы буын ағалар жақсы білетін бұл игі дәстүр қазір біртіндеп қайта жаңғыру үстінде. Былтыр Алматының 1000 жылдық дәстүрі аясында қолға алынып, қаншама көп балалы жанұя қамтылған «1000 игі іс» акциясының табысты өтуі қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін қайырымдылық шараларының дәстүрге айналуы, балалар үйлеріне жасалатын көмек көлемінің жыл сайын артуы осы айтылғанның айғағы іспетті», - деді Бауыржан Байбек.
   

Айта кетейік, Алматыда биыл алғаш рет салтанатты шаралар бірден екі алаңда: «Астана» алаңы мен Атлеттер ауылында өтіп жатыр.

«Ұлы даланың Наурызы» мерекелік шарасына 700-ден астам әртіс қатысуда.

Мерекеде «Мүшел» атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан «Самалық», «Түлік жыры» атты салт-дәстүрлі, ритуалды ән-жырлары орындалды. 
   

Соңғы жаңалықтар