«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы шамамен 5 млрд теңге қарастырылған. Қысқа мерзімді кәсіби оқыту бағдарламасы бойынша Алматы қаласы жоспарын мамыр айында Еңбек министрлігі жыл басында 14 есеге үлғайтып, 6975 адамға жеткізді. 30 маусымда 1,2 млрд теңге бөлінді. Біз 20 ұйымнан 102 кәсіп бойынша тыңғылықты іріктеу жүргізіп, тізімін бекіттік. Оқу бағдарламасы Алматының кәсіпкерлер палатасымен келісілген. 1 тамызында 699 адам оқып жатыр. Тамыз айының басында оқуға қосымша 500 адам жіберілді. Осылайша, қазіргі уақытта 17 пайызы білім алуда», - деді ол.
Оның айтуынша, Алматыда «Жастарды қолдау жол картасы» басталып, ағымдағы жыл Жастар жылы деп жарияланған. Бүгінде оңтүстік астанада бос орындар жәрмеңкесі нәтижесінде іріктеп алынған 5 мың адамның тізімі бар. Онымен жұмыспен қамту басқармасы айналысуда. 15 қыркүйекке дейін контингент толықтай жасақталып, жыл соңына дейін жоспар орындалады.
«Сонымен қатар қысқа мерзімді кәсіптік оқытулар тек жұмысшы мамандықтарына дайындауды қамтитындығын атап өткім келеді. Бұл кәсіптер тізімін тарылта түседі. Ал Алматы экономикасының 80 пайыздан астамын қызмет көрсету саласы құрайтындығын ескере келе Сізден бағдарлама қатысушыларының аясын және талап етілетін мамандықтар тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастыруда сұраймыз. Біз Алматы бизнесімен тығыз жұмыс істеудеміз және бағдарламада ескерілмеген мамандықтарға қатысты сұраныстар түсіп жатады. Мәселен, олардың қатарында халықаралық сапа жүйесінің менеджері, әлеуметтік желілердің маркетинг маманы, әлеуметтік қызметкер сынды мамандықтар бар. 1 тамыздағы жағдай бойынша 11160 адам немесе жоспардың 64,4 пайызы, оның 79 пайызы тұрақты жұмыс орнынан орналасты», - деді Бауыржан Байбек.