«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы, 13 дүркін ел чемпионы, 2003 жылғы Азия Чемпиондар кубогының жеңімпазы «Аль-Айн» әмірлік клубында жұмыс істемек. Қазіргі таңда оның командасының бас бапкері - португалдық маман Педру Эмануэль.
Еске салайық, таяуда Бауыржан Исламхан ресейлік «Зенитте» қаралымда жүрген еді, бірақ ол питерліктердің талабына сай келмеді.