НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азия футбол федерациясының шешімімен қазақстандық Бауыржан Исламханның қанына тыйым салынған препараттың табылуына байланысты екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде белгілі спорт журналисі Айдын Қожахмет өзінің Telegram каналында хабарлады
Естеріңізге сала кетелік, Бауыржан Исламхан биыл Біріккен Араб әмірлігінің «Аль-Айн» командасына ауысқан болатын. Ол аталған клубтың АФК Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынынан кейін допинг сынамасын тапсырды. Сынамада тыйым салынған препарат анықталды. Бұдан кейін қазақстандық футболшы «Аль-Айн» командасының ресми бірнеше ойынынан шеттетілді .
Бауыржан Исламхан өзінің кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында тиісті орындарға шағым түсіретінін мәлімдеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.