28 жастағы актердің таңдаған жары 26 жасар Ләйлә Тілеуова да өнер иесі екен. Бірқатар қазақстандық телехикаяларға түсіп үлгерген ол М.Әуезов атындағы театрдың сахнасындағы қойылымдарда көпшілік назарына ілігіп жүр, деп жазады lady.mail.ru.
Айта кетейік, Еркебұлан Ақан Сатаевтың фильмінде батыр атасының бейнесін сомдау арқылы танымал болған еді. Осы рөлі үшін ол «Намыс» медалімен марапатталды.
Александр Бектің «Волоколам тас жолы» атты туындысы бойынша түсірілген «Бауыржан Момышұлы» көркем фильмінде соғыстың қиын-қыстау күндерінде батырдың басынан кешкендері баяндалады.