Бауыржан Момышұлының туған жерінде батырдың 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар өтуде

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бауыржан Момышұлының атымен аталатын батырдың туған жерінде оның 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар бүгін, қыркүйектің 25-інде өтуде.

Олардың қатарында - Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою, халық батырының бюстының ашылуы да бар.

Қонақтар батырдың жеке заттары жинақталған мұражаймен танысады. Тау баурайында орналасқан киіз үй қалашығында олар театрландырылған көрініс пен гала-концертті тамашалап, Баукеңе арналған еске алу асына қатысады.