Ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды
10:52, 31 Мамыр 2018
Бауыржан Мұхаметжанов Грузияға елші болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.