ҚР Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев орталық коммуникациялар қызметінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дизель отынының жеткізілімінде іркіліс болдырмау үшін тау-кен металлургия кешені мен жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ, жанармай құю стансаларының желісін ұстаушыларға жанармайдың тапшы көлемін импорттауды ойластыру қажет. Бажсыз импорт теңгерімі бойынша Ресей Федерациясынан Қазақстанға биыл 530 мың тоннаға дейін жанармай кіргізуге болады. Жыл басынан бергі 8 айда 145 мың тонна жанармай импортталды. Яғни, жыл соңына дейін 385 мың тонна импорттауға болады. Бүгінгі күні импорт бойынша ешқандай шектеулер жоқ», - деді Экргетика министрігінің өкілі.
Оның айтуынша, министрлік Ресей Федерациясындағы әріптестерімен қажетті көлемде дизель импорттау мәселесін пысықтап жатыр.