«Жалпы, батыр бабалардың ерліктері мен олардың өсиеттері тек 9 мамыр жақындағанда ғана еске түседі. Біздің ойымызша, бабалар өсиетін насихаттау уақыт пен белгілі бір маусымды талғамауы қажет», - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
Үш минуттық видеожолдауда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері қызмет бабында жүріп, Бауыржан Момышұлының айшықты сөздерін жатқа айтады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы челленджді өзге өңірлердің әскерилері де іліп әкетер деген сенім білдіріп отыр.