«Барселона» мен «Челсиді» артқа тастаған «Бавария» әлемнің ең үздік командасы болып мойындалды. Ал Чемпиондар лигасының және клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы «Реал» төртінші орынды қанағат тұтты.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын The Guardian нұсқасы бойынша алдындағы екі рейтингтің қорытындысында аргентиналық «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиден соң екінші орын алған Португалия құрамасының және мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Жыл ойыншысы» атанған еді.