«Бавария» - «Атлетико»: Бас бапкер Симеоне матч кезінде мадридтіктердің қызметкерін ұрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеоне чемпиондар лигасының жартылай финалдық матчының 92-ші минутында өз клубының қызметкері Педро Пабло Матесанецті ұрды.

Аргентиналық маманның бұл қылығын УЕФА тәртіптік комитеті қарауы мүмкін. Ол бапкерге айыппұл салуы немесе оны шеттетуі ықтимал.