Бұған Мюнхен техникалық университетінің жаңа зерттеуі себеп болған. Зерттеу авторлары автомобильдің бүкіл өмірлік циклін есепке алғанда, электромобильдер іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктермен салыстырғанда көмірқышқыл газының шығарындыларын орта есеппен шамамен 41%-ға ғана азайтады деген қорытындыға келген.
Маркус Зёдердің пікірінше, бұл Еуропаның автомобиль өнеркәсібіне қатысты саясатын қайта қарау қажеттігін көрсетеді.
– ЕО-ның іштен жанатын қозғалтқыштарға тыйым салу жоспарынан толық бас тарту шұғыл қажет екені тағы да белгілі болды. Мұны ғылыми зерттеулер де растап отыр, – деді Бавария премьер-министрі BILD басылымына.
Оның айтуынша, Еуропаға қатаң тыйымдардан гөрі түрлі технологияларды қатар дамытуға мүмкіндік беретін бейтараптық қажет.
– Еуропаға автомобиль қажет. Трансформация, әрине, болады, бірақ оны тыйымдар арқылы емес, технологияларға ашық болу арқылы жүзеге асырған дұрыс. Біз ең маңызды салаларымыздың бірін одан әрі әлсіретпеуіміз керек, – деді Маркус Зёдер.
Мәселенің тағы бір маңызды тұсы – автомобиль өнеркәсібіндегі жұмыс орындары. BILD танысқан Фраунгофер институтының зерттеуіне сәйкес, 2040 жылға қарай Еуропаның автомобиль өнеркәсібіндегі қазіргі 1,6 млн жұмыс орнының шамамен 726 мыңы қысқаруы мүмкін. Бұл жалпы жұмыс орындарының 45%-ға жуығын құрайды.
Зерттеуде жұмыс орындарының едәуір бөлігі 2035 жылға дейін-ақ қысқаруы ықтимал екені көрсетілген.
Айта кетейік, Бавария су қоймасынан жылына 1000 тонна ақ сутегін өндіру жобасы жүзеге асады.