Кездесуде екі голды да польшалық шабуылшы РобертЛевандовский салды. Қарсылас команда есебіндегі жалғыз голды айып алаңынан Мориц Хартман соқты.
«Баварияның» басты қарсыласы дортмундтық «Боруссия» параллель ойында «Айнтрахт» командасынан 1:0 есебімен ұтылып қалды.
Осылайша, «Бавария» 8 ұпаймен озып, мерзімінен бұрын чемпиондық титулды төртінші жыл қатарынан қанжығасына байлағалы отыр.
05:14, 08 Мамыр 2016
«Бавария» футболдан Германия чемпиондығын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхендік «Бавария» қонақта «Ингольштадт» клубын 2:1 есебімен ұтып футболдан Германия чемпионатында жеңіскер атанды, деп хабарлады ВВС агенттігі.