«Бавария» футболшысы 5 мың еуроға тікұшақ жалдап, нан сатып алуға барған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыста ауылында жүрген «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски дүкенге нан алуға ерекше әдіспен барған, деп жазады Вести.ру.

Оның ауылы мен ең жақын дүкеннің арақашықтығы 30 шақырым екен. Көлігімен дүкенге барып келудің орнына ол тікұшақ жалдаған.

Оған тікұшақ жалдау 5 мың еуроға түсті. Айта кетейік, футболшының жылдық еңбекақысы 12 миллион еуроны құрайды.