Пойыздардың соқтығысуы Мюнхеннен оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жердегі Бад-Айблинг шипажайлық қалашығының қасында орын алған.
Апат салдарынан пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, оның бірнеше вагоны аударылып қалған.
Полицияның есептеуінше, пойыздар бетпе-бет соғысқан. Апат орнына құтқарушылар тікұшағы келіп жетті.
Пойыздардың соқтығысу себебі әзірге белгісіз. Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл Баварияда соңғы жылдар ішінде орын алып отырған ірі апат.
Апатқа байланысты, жақын орналасқан жолдардағы қозғалыс тоқтады.