Оқиға жергілікті уақытпен сағат 16:30 орын алды. Ұзындығы 40 метр жуырда салынған көпірдің секциясы құлады. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз.
09:39, 16 Маусым 2016
Баварияда салынып жатқан көпір құлап екі жұмысшы қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 маусымда Баварияда Төменгі Франкониядағы Вернека қаласының маңында Шроденбах ауылына жақын жерде A7 автомагистралінде салынып жатқан көлік көпірінің бір бөлігі құлады. Салдарынан екі адам қаза тапты, алтауы жарақаттанды және үйінді астында қанша адам қалғаны әзірге белгісіз, деп хабарлады бавариялық BR24 радиостансасы.