Бавариядағы жарылыстан зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баварияда болған жарылыс салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.

«Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Еске сала кетейік, Германияның Ансбах қаласының орталығындағы (Бавария жерінде орналасқан) мейрамханада жарылыс болды. 

Ансбах қаласындағы жарылыс салдарынан жапа шеккендердің саны 12-ге жетті, олардың үшеуі ауыр жарақат алды. 

Баварияда өзін жарған адам сириялық босқын болып шықты.  Ол Сириядан Германияға бір жыл бұрын келген.