Бай мұрагердің жоғалған ұшағы жарты жылдан кейін теңіз түбінен табылды

АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Венесуэла құтқарушылары бортында итальяндық Missoni Витторио Миссони сән үйінің мұрагері болған ұшақты Кариб теңізінің түбінен тапты.

Іздестіру жұмыстарына шамамен 400-ге жуық адам тартылған. Олардың ішінде сүңгуірлер де бар. Тек жарты жылдан кейін ғана ұшақтың құлаған жері анықталды. Нақтыланған ақпар бойынша әуе кемесінің бөлшектері 70 метр тереңдікте жатыр. Бұл туралы CNN хабарлайды.

Апат салдарынан Витторио Миссонидің өзі, оның жары, екі досы мен экипаждың қос мүшесі қаза тапқан.

4 қаңтар күні Каракас әуежайына бет алған жеңіл моторлы BN-2 Islander әуе кемесі ұшқаннан кейін венесуэланың Лос-рокес архипелагы аумағында көзден таса болып, жоғалып кетті.