Бай және кедей елдер БҰҰ-дағы кездесуде қаржы дағдарысын талқылайды

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Бай және кедей елдер БҰҰ штаб-пәтерінде үш күндік конференцияда кездесу кезінде қаржы дағдарысын, оның зардаптарын және шешу жолдарын талқылайтын болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Пікірқайшылықтары кейбір мәселелер бойынша дамыған және дамушы елдер арасында сақталып отыр. Атап айтқанда дамушы елдер БҰҰ-ның халықаралық қаржы институттарына (Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры) ықпал ету рөлін күшейту қажет деп санайды, сонымен қатар, экономикалық көмек және қарыздарды төлеу мәселелері де шешілмеген күйі қалып отыр.