Оның айтуынша, соңғы екі жыл онымен тұру мүмкін емес болған. Сондықтан ол айырылысу туралы ойлай бастады. Дегенмен күйеуі егер айырылысатын болса, оны өлтіретінін айтып қорқытқан.
«Мен шағымдануды ұнатпаймын. Мен достарыма айтқан емеспін (отбасындағы жанжалдар туралы), себебі одан ештеңе өзгермейді. Достарыма келіп айттым делік, содан не өзгереді? Мен үшін ештеңе де өзгермейді. Ол жақсы әке, жақсы жар болды, мен сүйді. Бұның басқа қыры бар. Мен оны сүйдім бе. Мен оны сыйладым, ол қандай болса, сондай қабылдадым. Бірақ мен оны сүйемін деп айтқан емеспін, бауыр бастым, ортақ балаларымыз болды. Сезім болмай, осылай көп жылдар бірге тұрғанымыз, болған оқиғамызға алып келді. Соңғы екі жыл тіпті мен үшін мүмкін емес болды, тұлға ретінде, әйел ретінде, оның зайыбы ретінде қатты қиналдым. Мен одан айырылысу туралы сұрадым, бірақ ол келісімін бермеді. Мені өлтіретіндігін айтып қорқытты. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық, сен қорқыныш пен үрейде тұрасың. Мен оның қолынан ондай келетінін білдім және қателеспеппін», - деді ол.
Сонымен қатар ол әйелдер құқығын қорғайтын ұйым құруға күш салатындығын мәлім етті.
Еске салсақ, 10 маусымда Б.Есентаева миы жарақаттанған, мұрны сынып, пышақ жарақаттарымен Талғар ауруханасына жеткізілген. Кейін анықталғандай, оны жұбайы Бақытбек Есентаев жанжал барысында жарақаттағаны анықталды. Ол Талғар АІІБ-ге жеткізілді, кейіннен УҰИ-ға қамауға алынды. Тұтқындау мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды.