Баян Есентаева күйеуімен болған жанжалдың жай-жапсарын айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева қазақстандық журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында 10 маусымда өз күйеуі Бахытбек Есентаевпен болған жанжал туралы айтып берді.

«Алдымен мені қолдап, менің сауығып кетуімді тілеген қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Басымды иіп, «Сіздерге үлкен рахмет» дегім келеді. Мен тек 5-6 тәулікте ғана медиалық тұлға екенімді еске түсірдім, мен жатқан клиниканың сыртында не болып жатқанын сол кезде ғана ұқтым.

Сол 10 маусымда болған оқиға мені әлі күнге дейін өкшелеп келеді. Мен әлі де болса, өзімнің денсаулығымды ретке келтіре алмадым. Мен әлі күнге дейін депрессияда жүрмін деп айта аламын. Мені қорқыныш, фобия билеп алды, маған бес қадам жақын келген әрбір ер кісіден қорқамын. Менің бойымда қорқыныш пайда болады, ер кісіге деген көзқарасым әлі де болса қалыпты емес. Мен өмірге деген көзқарасым да өзгерген. Құдай мені ішкі қуатпен, белгілі бір қасиеттермен дарытқандықтан, мен өзімді жинақталу қажеттігімді, шынайы өмірге қайта оралуым қажет екенімді түсінемін. Мен қазір сұхбат бермес едім, себебі соққыдан әлі келбетім орнына келмегенін жұрт көріп отыр, менің ішкі жан-дүниемде дүлей болып жатқандығын сезіп отыр. Бірақ менің өтінішіме қарамастан, БАҚ-та түрлі сыбыстар жүріп жатыр, болған және болмаған нәрселер таратылуда. Жалған ақпараттар өте көп, адамдар түрлі жайттарды расқа балап жатыр, мүмкін мені қолдау үшін шығар, мүмкін біреулер, керісінше, маған бұдан да ауыр тиюін қалайтын шығар. Сондықтан мен бұл сұхбатқа келістім, менің жеке өмірім театрға айналып кеткенін айту үшін келдім. Бұл оқиғада не болғанын өздері ойлап таппауды сұраймын, барлығын өзім айтсам деп шештім», - деді ол.

«Сонымен, 10 маусымда, мен үйге оралдым. Менде 5 маусымда жанжал орын алды, ол туралы кейін айтармын. Мен үйге 5 маусымда оралуым керек болған. Маған тағы 5 күнге кешігуге тура келді, себебі бұрынғы күйеуім тарапынан қорқыту болды. Мен бес күнге кешігіп, «ол сабырға келсін» деп ойладым. Мен билеттерді қайта бастырып, шетелдік рейспен келдім. Ол біліп қоймайтын шығар деп ойладым. Мен бірден таксиге отырдым. Бағдаршамға тоқтаған кезде, есік ашылып, жаныма ол отырып алды. Мен оны осылай кезіктірем деп күткен жоқпын, құстай ұшып кірді. Мен бірден есікті іштен жауып алдым. Мен оның қолында пышақ бар екенін көрдім. Ештеңе айтпастан, ол маған пышақты тығып алды, оның көзінен еш өкініш, жанашырлық көрмедім. Мен есімнен айырылған жоқпын. Қатты ауырғандықты сезбедім. Мүмкін мен шокта болған да шығармын. Мен бір әлдебір жамандық болып жатқанын түсіндім. Мен барлық ерік-жігерімді жинап, айқайға басқан жоқпын, бірдеңе істеу керектігін сезіндім, такси жүргізушісіне көмек беруін сұрадым. Байсалды, тыныш қана айттым. Таксиде мен соққы алдым. Қатты ауырды,  көзім көрмей қалды. Сосын ол такси жүргізушісіне сес көрсетіп, көлікті тоқтатуды бұйырды. Мен көліктен шықтым, көзім қарауытып кеткен, айқайлап, көмек шақыру деген ой болған жоқ, себебі сен әлдебір күштің билігіндесің. Ол мені такси соңынан келе жатқан басқа көлікке отырғызды. Рульде немере інісі отырды. Сол кезде мен бастан кешірген сұмдық басталды. Мен ызаға булыққан адам қалайша осылай қатігез болатынын түсінбедім. Мен үндеген жоқпын, себебі мен айқай-шу бұл жағдайды түзете алмайтындығын ұқтым. Екі сағатқа созылған ұрып-соғу. .. Мен не болғанын білмеймін, қан барлық жерімнен, құлағымнан, мұрнымнан кетіп жатты, ол менің ернімді жыртты, тісімді қағып, бетімді кесті, мұрным сынды. Өте қатты ауырды. Мен оған балалар туралы ойлауды сұрадым, оның есесіне мен тек соққы алып отырдым. Үш ай өтсе де, менің сол жақ бетімде бұлшық еттер семіп қалған, контузияның екінші деңгейі, сол жақ көзбен нашар көремін», - деді Баян Есентаева.

Баян Есентаева тұрмыстық зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің құқығын қорғау ұйымын құруды жоспарлап отырғандығын мәлім етті.

Еске салсақ, 10 маусымда Б.Есентаева ми жарақаты, мұрын сыну, пышақ жарақаттарымен Талғар ауруханасына жеткізілген. Кейін анықталғандай, оны жұбайы Бақытбек Есентаев жанжал барысында жарақаттағаны анықталды. Ол Талғар АІІБ-ге жеткізілді, кейіннен УҰИ-ға қамауға алынды. Тұтқындау мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды.