«Есентаевқа ҚР ҚК 120,121-бабы, 1 тармақтары (зорлау) бойынша айып тағылып отыр. Сонымен қатар, жауапкер мен жапа шегушінің өмірлеріндегі отбасылық жеке мәселелерге байланысты сот отырысын жабық өткізу қажеттілігі туды», - деп түсіндірді судья Берікжан Байжүнісов.
Осыған байланысты, Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы жабық өтіп жатыр.
Сот билігінің өкілі аталған істі алқа билер қарайтынын да жеткізді. Айта кетейік, сот тыңдауына Баян Есентаеваның өзі келген жоқ.
Еске сала кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаеваны оның күйеуі Бақытбек Есентаев пышақтап, соққыға жыққан.