Баян Есентаева жаңа жігіттер тобын таныстырды (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түнгі студияда» бағдарламасында танымал қазақстандық продюссер Баян Есентаева «Алау» атты жаңа жігіттер тобын таныстырды.

Бұған дейін ол жаңа бойз-бэндтің ел алдына шығатыны туралы әлеуметтік желілер арқылы хабардар еткен: «Алдағы дүйсенбіде сіздер төрт жігіттен тұратын жаңа, тартымды, жас топты көре де, ести де алатын боласыздар. Олар біз үшін қазірдің өзінде ең үздік!!!».

Топ мүшелері: Ержан Мұқатаев, Әсет Арыстанбек, Хамит Сатаев және Ербол Салықбаев.

«Сіздер қалдырған пікірлерге қарағанда, бұл іс біздің қолымыздан келген секілді. Біздің жігіттерді қарсы алыңыздар... Жақында жаңа бейнебаянымыз шығады!!!», - деп жазды Баян Есентаева Инстаграмда.