«Сүйкімді, ақылды, дарынды қыздар! Егер Сіздер қазақ тілін жетік меңгерген болсаңыздар, халқымыздың тарихын, мәдениетін және бүгінін білсеңіздер, шығармашыл жан болсаңыздар, онда 3-4 ақпан күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Сіздерді «Қазақ Аруы-2017» байқауының кастингісіне шақырамыз! Мекенжай: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі 27А, «The John's pub» ғимараты», - деп жазды жұлдыз өзінің Инстаграмм парақшасында.
Оның сөзіне қарағанда, талаптар барлығына мынадай: үміткерлердің бойы 170 сантиметрден асуы тиіс, ал салмағы 53 келіден аспауы шарт. Жас аралығы - 16-22.
«Сонымен, сұлылықтың, ақылдың және таланттың мерекесінде жүздескенше!», - деп түйді сөзін ол.