«Зал лық толы. Көрермендер концерттің басталуын тағатсыздана күтіп отыр. Концерттің ұйымдастырушысы жəне осы концерттің басты жұлдызы мен сахнаға шығамын. Қолымда атам алып берген кішкентай орындығым бар. Сол орындықтың үстіне шығып концертті бастап кеттім», - деп жазылған автордың кітабында.
Барлыгы балалыкшактан басталады... Толыгырак жуырда менин китабымнан билетин боласыздар.
A photo posted by Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy) on Jan 20, 2017 at 9:31am PST
Продюсер кітабының үзіндісі түсірілген суретке «бəрі балабақшадан басталды... Толығырақ жуырда менің кітабымнан білетін боласыздар» деп жазған.
Айта кетейік, жуырда Алматылық бизнесмен Тұрсынғали Аягөзов Баян Мақсатқызымен түскен суретін жариялап, «ол менің өмірімді өзгертті» деп жазған болатын .
Баян Мақсатқызы бизнесмен Бақытбек Есентаевпен 20 жылдан астам уақыт бірге тұрмыс құрған. 2016 жылдың маусымында Бақытбек Есентаев əйелі Баян Есентаеваны пышақтап кеткен болатын. Баянның айтуынша, күйеуі оны қатты қызғанып, шетелдік сапардан келген кезде əуежайдан күтіп ала сала, көлігіне салып, жолда сабап, пышақ салған. Бақытбек Есентаев қолға түсіп, сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бақытбек Есентаев пен Баян Мақсатқызының екі қызы бар.