Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген Нұрбол Қанағат шара дәл бүгін, дәл қазір өтіп жатыр дейді. «Бай-Өлкеде Наурыз мерекесіне орай 1000 бүлдіршін күй тартты. Бүгін аймақта аздап қар жауды. Қазақы барлық дәстүр шара бойынша өтіп жатыр»,-дейді видео авторы.
Айта кетейік, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы 1940 жылы құрылған. Аймақ орталығы - Өлгий, қазір бұл өңірде 91 мыңнан аса халық тұрады және сол халықтың 93 пайызы - қазақтар.