«Баян сұлу» фабрикасы экспортқа шығарылатын өнім көлемін 40 пайызға арттырмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында «Баян сұлу» фабрикасының печенье шығаратын өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Осы жылдың қыркүйегінде Сіз біздің кәсіпорынға келгеніңізде бүгінде тұрақты жұмыс істеп тұрған вафли шығаратын өндірістің бірінші желісінің іске қосылғандығын баян еткен едім. Енді, міне, бүгін печенье шығаратын екінші желіні іске қоспақпыз. Өнімділігі өте жоғары заманауи құрал-жабдық жылына 5 мың тоннадан астам өнім шығаруға мүмкіндік береді», - деді «Баян сұлу» АҚ президенті - басқарма төрағасы Тимур Садықов.

Оның атап өтуінше, фабрика өнімі бүгінде Ресей, Германия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Әзербайжан елдеріне жеткізілуде. 

«Жаңа желі іске қосылғаннан кейін экспорттық сату 40 пайызға артатын болады», - деді ол.