Баянауылдың асқақ тауларында еркін жүрген арқарлар видеоға түсіп қалды.
Көбейіп келе жатқан арқардың негізгі қорегі - жусан, қияқ, бидайық сияқты шөптер. Қыста бұтаны да талғажау етеді. Арқарлар әдетте таң ата, сосын кешкі уақытта жайылады.
Бүгінде Баянауыл ұлттық паркінде сүтқоректілердің 45 түрі бар. Олардың дені Ақбет, Далба, Қызылтау, Желтау, Сарытау аймақтарын мекендейді.
Еске сала кетейік, Баянауыл ормандарында емін-еркін жайылып жүрген бұландар бейнетаспаға түсті. https://kaz.inform.kz/news/bayanauil-ormandarinda-emn-erkn-zhayilip-zhurgen-bulandar-beynetaspaga-tust-bcae71
Сондай-ақ Баянауылдың жеті кереметі туралы арнайы материал жариялағанбыз.