Бағдарлама аясында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған қызықты іс-шаралар, спорттық және ұлттық ойындар, жағажай волейболынан жарыстар, арқан тартыс ұйымдастырылмақшы.
Басқарманың мәліметінше, демалушылар төрт бағыт бойынша экскурсиялар таңдап, демалуға мүмкіндіктері бар.
Баянауыл баурайында орналасқан Кемпір тас, Торайғыр көлі, Әулие бұлақ, Сайман тас, Қоңыр әулие, Біржанкөл сынды көрікті мекендерді аралауға болады.