Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі пәтерінде өлі күйінде табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған.
Павлодар облыстық прокуратурасы аталған фактіні растады.
«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1–тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметінен.
Қайтыс болған азаматтың соңында екі баласы мен әйелі қалды.
Еске сала кетейік, Павлодарда студент қыз жатақханада өзіне қол жұмсады.