Әлеуметтік желілерде оқиғаның Баянауыл ұлттық паркінде болғаны туралы ақпарат тарады.
Жарияланым авторларының мәліметінше, жергілікті қызметкерлердің бірі атыс қаруын қолданып, атылған оқ тікұшақтың құйрық бөлігіндегі тік тұрақтандырғышына тиген. Салдарынан әуе кемесінің аталған бөлігінде саңылау пайда болған.
«Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының мәліметінше, 1 қарашада орманды қорғау мақсатында пайдаланылатын әуе кемесінен зақымдану белгілері анықталған. Алайда оның нақты неден пайда болғаны әзірге белгісіз.
— Аталған дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарының қарауында. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеуге қатысты өзге де мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады, — деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Оқиғаның себептері мен тікұшақтың қалай зақымданғаны тергеу нәтижесінде белгілі болады.
Еске сала кетейік, Баянауыл ұлттық паркіндегі орман өртін сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының тікұшағы жұмылдырылды.