Белгілі болғандай, Қарағанды жақтан келген өрт Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағына кірген. Қатты жел өртті ауыздықтау жұмыстарын қиындату үстінде.
Аудан әкімінің орынбасары Қинаят Талипов қазір өрт сөндіру жұмыстарына қажетті жанар-жағармай бөлініп, жан-жақтан техникалар келіп жатқанын жеткізді. Ал Қаратомар ауылдық округінің өрт сөндірушілері дала өртін өз аумақтарына кіргізбей, уақтылы сөндіріп алған.
Атап өту керек, өрт болып жатқан жерлердің біраз бөлігі Баянауыл ұлттық паркінің аумағына қарайды. Бірақ Ұлттық парк басшылығы нақты ақапарат ұсынбай отыр.