«Төтенше жағдай режимін алып тастағанына қарамастан, біздің облыстағы эпидемиологиялық жағдай да өзекті болып қалуда. Өзіміз бен айналадағы адамдарды коронавирустан сақтау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау керек, - дейді Қанат Кәрімов.
«Баянауыл ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 16 маусым сағат 00-ден бастап Баянауыл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл демалыс аймағының барлық демалыс үйлері мен жағажайлары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жабылды. Бұл - бірінші кезекте өзіміздің амандығымыз үшін өте маңызды», деп толықтырды әкім.