Баянауыл ұлттық паркінде орман өртеніп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аудан орталығынан он шақырым жерде тоғыз гектардан астам аумақ отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өрт 14 шілдеде басталды.

«№ 83 2,5 га учаскеде сағат 19:25-те ауыздықталды, яғни от сөндірілді,бірақ түтін қалды. Сол жердекөрші № 73 учаскеде тоғыз гектарда 22:12-де қызыл жалын ауыздықталды. Кешетүстен кейін № 73 учаскеде өрт шықты. Бұл таулы орманды жерлер, - деп хабарладыБаянауыл ауданы әкімі аппаратының ТЖ бас инспекторы Саят Қабдиев.

Саят Қабдиев айтып өткендей, әзірге өрт алаңы мен оның себептері туралынақты ақпарат жоқ.

«Бұл Баянауыл ауылынан он шақырым жерде орналасқан. Жасыбайдағы демалысаймақтарынан отпен қамтылған аумақты Сабындыкөл көлі, таулар, жолдар бөледі,бұл шамамен 25 км. Өртті сөндіру жөніндегі штаб өрттен бір шақырым жердеорналасқан. Өрт сөндіруге 78 адам мен 20-ға жуық арнайы техника қатысады. Ауданәкімдігі адамдар, техника, жанармай беріп көмектесуде», - деді С.Қабдиев.

Бүгін сағат 11:10-да екі Ми-8 тікұшағы жұмыс істей бастады, біреуіаумақты патрульдейді, екіншісі 2,5 мың текше сумен өрт сөндіреді. Өрт орнында Баянауыл мемлекеттік табиғи паркінің, аудандық әкімдіктің,облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, облыстық өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері бар.

Соңғы жаңалықтар