Баянауылда бесінші күн қатарынан өртпен арпалысуда

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауылда өрт шарпыған аумақта кеше, 17 шілде күні қатты дауылдың кесірінен жағдай күрделене түсіп, жалын қайтадан күшіне енген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралыагенттікке Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ТЖ бойынша бас инспекторы СаятҚабдиев мәлім етті.

«Өрт № № 73, 87, 63 учаскелерде шамамен 50 гектарданастам жерді қамтыған. 82 адам мен 30шақты техника жұмыс істеп жатыр. Оның 11-і өрт сөндіру техникасы. Жағдай бақылауға алынған.Айтарлықтай үлкен ошақтар жоқ. Тұтанған жерлерді сумен сөндіріп жатырмыз.Таңертең қатты жел болды. Қазір тынышталды. Ешкім зардап шекпеді. Елді мекендерге ешқандай қауіптөніп тұрған жоқ. Кеше екі тікұшақпен түске дейін жұмыс істесе, бүгінсыйымдылығы 2,5 текше еврокоптермен жердегі техникалар мен ашық жерлерге суқұюда», - дейді Саят Қабдиев.


Павлодар облысы ТЖ департаментінің ақпаратына сүйенсек,16-17 шілдеде жағдайды мониторингілеу мақсатында МИ-2 тікұшағы өрт орнын әуеденбарлаған. Өскеменқаласынан МИ-8 «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы және Көкшетау қаласынан ТЖК«Қазавиақұтқару» АҚ Ми-26 тікұшағы су төгу құрылғылары жұмылдырылды. Оқиға орнында барлығы 100-ден астам адам мен 30 шақты техника және 3тікұшақ жұмыс істеді.

Еске салакетейік, аудан орталығынан он шақырым жерде тоғыз гектардан астам аумақ отқаоранған. Бұлтаулы-орманды жерлер. Павлодар облысының әкімі қатты желге байланысты таулыаймақтан өрт шығуы ерекше жағдай екенін атап өтіп, өртті толық сөндіргенше жәнеауа температурасы түскенге дейін тәулік бойы кезекшілік жүргізуді тапсырғанболатын.



Соңғы жаңалықтар